Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда екі жеңіл көлік түйісіп, 4 адам жарақат алды

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 18:35

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі жеңіл көлік түйісіп, 4 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Гастелло мен Лиманная көшелерінің қиылысында болды.

Сағат 10.40-та жедел жәрдемге қоңырау шалынды.

Апат салдарынан үш ересек адам, бір бала зардап шекті.

Соның ішінде екі адамның жағдайы ауыр. Жасы 24-тердегі әйел жабық-бас ми және ішінен жарақат алып, миы шайқалған. Кеуде тұсы көгерген. 1989 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, кеуде тұсы көгерген. Оған қоса оң жамбасы сынған. Бұлардың екеуі де облыстық көпбейінді аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

Сегіз жасар бала жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуына қоса оң бұғанасы көгерген. Ол алдымен анасымен бірге облыстық ауруханаға, кейін апасымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

29 жастағы жүкті әйел де жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Жүктіліктің үзілу қаупі бар. Травматолог, нейрохирург қарағаннан кейін УЗИ тағайындалды және гинекологтан кеңес алатын болады.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО трассасында 1 адам қаза тауып, 4-еуі жарақат алғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай