Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оралда екі күнде 2 бала терезеден құлап кетті

2020 жылдың 11 маусым 2020 22:36

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі күнде 2 бала көпқабаттың үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің мәлім еткеніндей, бірінші оқиға 10 маусым күні сағат 14.58-де «Солтүстік-шығыс» ауданындағы бес қабатты үйде орын алды.

Үш жасар ер бала терезеден құлап кеткен. Сондай-ақ 11 маусым күні сағат 11.05-те Вокзальная көшесінде бес қабатты үйдің терезесінен 2019 жылғы қыз бала құлаған.

Олардың екеуі де ата-аналарының қарауынсыз қалған. Қос сәби де ауруханаға жатқызылды.

«Мұндай оқиғалардың көпшілігі кішкентай балалардың қараусыз қалуынан туындап отыр. Өзімен-өзі қалған балдырғандар жиһаз не басқа бұйымдар арқылы терезеге шығып, торға сүйенгенде, құлап кетеді. Сондықтан ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, терезені ашық тастамауды сұраймыз», деді Е.Төрегелдиев.




БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бірінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі бала да қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесінде жатыр. Екеуі де жабық бас-ми жарақатын алған, милары шайқалған, жағдайлары орташа ауыр, естерін біледі. Оған қоса ер бала маңдай тұсынан жарақат алған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауласында қоқыс өртеген Орал тұрғынының ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай