Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда екі адамға бұрыш баллонын шашқан тұрғын ұсталды

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 22:18

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі адамға бұрыш баллонын шашқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін орын алды.

Белгісіз біреу серуендеп жүрген 12 жасар қыздың және 19 жастағы жігіттің көзіне бұрыш баллонын шашып кеткен. Бұлардың екеуі де көзінен күйік жарақатын алып, облыстық көпбейінді аурухананың бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Хан тоғайында болғанын жеткізді.

Бұрыш баллонын шашқан ер адам қолға түсті.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Абай полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі емханаға жаңа жедел жәрдем көліктері табыс етілгенін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай