Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Оралда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті

2019 жылдың 24 наурыз 2019 11:14

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда "Мобильник" дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше шамамен сағат 16.50-де орын алды.

Қылмыскер дүкен иесі кәсіпкерге пышақ жұмсап, ұялы телефондарды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір жарақат алған кәсіпкер ауруханада жатыр.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, қолқасына пышақ тиген кәсіпкер көп қан жоғалтқан. Абырой болғанда, дәрігерлер төрт сағаттай ота жасап, жігіттің өмірін сақтап қалды.

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыстың ізі суымай ашылды. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысқа күдікті ретінде Бәйтерек ауданының бұрын сотталған 1979 жылғы тұрғынын ұстады.

Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабы тәртібімен Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 192-бабы 1-бөлігіне сәйкес (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, қарақшылық шабуыл жасағанның бір адам екендігі бейнебақылау камерасынан да анық көрінеді.

Жоғары қарай