Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Оралда бірнеше бағыттағы автобустың қозғалысы тоқтатылды

2020 жылдың 4 маусым 2020 13:42

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 4 маусымнан бастап бірнеше бағыттағы автобустың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмаз Ахошевтің айтуынша, №3 Меловые горки – Плодоовощной, №35 Жайық өзені жағалауы – Д.Қонаев шағынауданы және №10 Базар – Подхоз бағыттарында қатынайтын автобустарда санитарлық талаптар сақталмаған.

Аталған автобустарда жүргізушілер мен кондукторлар бетперде мен қолғап кимей жұмыс істеген. Автобус салондарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмеген.

Сондай-ақ жолаушылар тарапынан да санитарлық талапты сақтамау жиі кездеседі.

«Мұндай жұмыстар жалғасады. Бөлім мамандары автобустардың санитарлық талапқа сәйкестігін күн сайын тексереді. Егер бұл талаптар сақталмаса, басқа бағыттағы автобустар қозғалысын да тоқтатуға дейін тиісті шаралар қабылданады», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Ахошев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус қатеріне байланысты орталық саябақтың қайта жабылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ бүгін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту тапсырылды.

Батыс Қазақстанда соңғы тіркелген 22 науқастың 16-сы – бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Ал 6 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

Осылайша өңірде ауырғандар саны 754-ке жетіп, соның 327-сі жазылып шықты.





Жоғары қарай