Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды

2021 жылдың 23 тамыз 2021 17:29

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан ағайынды екі

баланың жағдайы ауыр.

«Баланың үлкені 6 жаста болса, кішісі 3-те ғана. Біреуінің сол жақ өкпесі, екіншісінің оң жақ бүйрегі жарылған. Кішісі әлі жансақтау бөлімінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай