Оралда аязға байланысты екінші ауысымда бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында аязға байланысты екінші ауысымда 1-4 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО гидрометеорология орталығы мәлім еткеніндей, жергілікті сағат 11.25-те температура 26 градус аязды көрсетті.
Бүгін түске дейін қатты аязға байланысты қалада бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшкен еді. Таңғы сағат 07.00-де Оралда 28 градус аяз болды.