Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді

2021 жылдың 14 маусым 2021 21:32

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 14 маусым күні Петровский мен Бельгер көшелерінің қиылысында болды.

Сағат шамамен 16.17-де 1992 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» автокөлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, велосипедшіні қағып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 16.18-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша велосипедпен жүрген 1985 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған деген күдікпен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйел адамды қағып кеткенін, полиция қызметкерінің мас күйінде жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші мерт болды.





Жоғары қарай