Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

2020 жылдың 4 тамыз 2020 11:30

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 3 тамыз күні кешкісін сағат 21.00 шамасында Пугачев пен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, №2 бағытта жүретін автобус пен ВАЗ-2110 автокөлігі түйіскен.

Соның салдарынан жеңіл көлікте отырған екі адам ауыр жарақат алып, біреуі ауруханада көз жұмды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде жай-жапсары анықталып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлік апатынан бір адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.




Жоғары қарай