Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Оралда Армениядан әкелінген екі автокөлік тіркелді

2020 жылдың 2 маусым 2020 23:23

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Армениядан әкелінген екі автокөлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншиннің айтуынша, Армениядан биылғы 1 ақпанға дейін әкелінген сол жақ рульді автокөліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін созылады.

Бұл үшін автокөлік иелері 11 946 теңгеге үш рет төлем жасауы керек. Атап айтқанда, тіркеу үшін – 695 теңге, техникалық құжат үшін – 3 473 теңге, мемлекеттік нөмір үшін – 7 778 теңге.

Көлік құралдарын тіркеу үшін жеке куәлік, мемлекеттік тіркеу үшін 0,25 АЕК көлемінде алымның және мемлекеттік баж салығы төленгені жөніндегі квитанциялар, көлік құралының есепке қойылғаны туралы армян куәлігі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі, оң жақ руль сол жаққа қайта қондырылған жағдайда көлік құралының қауіпсіздігі туралы куәлік болуы керек.

Басқа тілдегі құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылып, нотариуспен немесе соған құқығы бар адаммен шандырылуы қажет.

БҚО-да алғашқы күні екі автокөлік иесі сары нөмірге ие болды.

Армян нөмірі бар автокөліктерді тіркеу үшін адамдар Орал қаласы Жәңгір хан көшесі 160-мекенжайында орналасқан мамандандырылған арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінен кеңес ала алады. Сондай-ақ полиция департаменті колл-орталығының 8(7112)98-11-13, 35-04-84, 8-708-435-04-84 телефондарына қоңырау шалуға болады.


Жоғары қарай