Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда аптасына 100 мың дана маска шығарылмақ

2020 жылдың 18 наурыз 2020 21:17

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласы кәсіпорындарында аптасына 100 мың дана маска шығару жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиеваның айтуынша, бұл жұмыспен барлығы жеті кәсіпорын айналысады.







Олардың бірнешеуі іске кірісіп те кетті. Шикізат жеткілікті, Ресейден әкелінуде. Маскалар дәріханаларға да берілетін болады.

«Аптасына 100 мың дана маска қажеттілікті өтейді деп отырмыз. Материал әр түрлі. Үш, бес қабатты маска тігілетіндіктен, бағасы да әр түрлі», деді Ж.Бекқалиева.

Маска тігіп жатқан кәсіпорынның бірі – «Ягуар» тігін фабрикасының директоры Берік Әбілқасовтың сөзіне қарағанда, төрт күнде мұнда 6 мыңнан астам маска шығарылған.




«Біз мекемелерден тапсырыс бойынша тігіп жатырмыз. Мысалы, «Оралтехсервис», «Жайық таза қала» ЖШС, облыстық полиция департаменті 1 мың данадан тапсырыс берді. Барлығы 12 адам жұмыс істеуде, күніне 1700-дей маска тігіледі. Бағасы орта есеппен әр данасы 180 теңгеден. Бұл маскалардың бір ерекшелігі, оны жуып, 10-12 рет пайдалануға болады», деді Б.Әбілқасов.






Жоғары қарай