Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті

2021 жылдың 18 қазан 2021 11:43

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 6 пәтерлік тұрғын үй өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 17 қазан күні сағат 19.10-да Өте Мусин көшесі №3-мекенжайында болды.

Барак типтес алты пәтерлік ағаш тұрғын үй отқа оранды.

Өрттің аумағы 250 шаршы метрді құрады.

«Тілсіз жау» ТЖ департаментінің күшімен (26 қызметкер, 11 техника) сағат 21.30-да оқшауланып, 22.46-да сөндірілді.

Сондай-ақ бұдан бір күн бұрын, 16 қазан күні сағат 20.30-да Бәйтерек ауданы Асан ауылы Мирный көшесі 24-мекенжайда екі қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан гараж бен монша, асүй мен жуыну бөлмесі жанды. Жалпы ауданы – 140 шаршы метр.

Өрт сағат 21.28-де оқшауланып, 21.48-де сөндірілді.

Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде өрттердің шығу себебі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласы маңында орман алқабы өртенгенін жазған болатынбыз.








Жоғары қарай