Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оралда 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

2020 жылдың 19 қазан 2020 18:14

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында 9,3 млрд теңгеге ұзындығы 61 шақырымға жететін 55 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Абат Шыныбековтің айтуынша, соның ішінде 31 жоба «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Қалған 10-ы – өткен жылдан бері жалғасқан жобалар.

Барлық жобалар бойынша 1200 жұмыс орны ашылды.

Жалпы, қала бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 615 шақырымды құрайды. Соның 422 шақырымы немесе 68,8 пайызы – асфальтбетонды және қатқыл табанды жолдар. Ал 193 км көше жолының (31,2 пайыз) мұндай жамылғысы жоқ.

Әкімнің сөзіне қарағанда, шаһарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жол белгілерін орнатуға да айрықша көңіл бөлінуде. Айталық, биылғы сәуір айынан күні бүгінге дейін 10 бағдаршам, 12 қосымша бағдаршам, 50 жасанды жол кедергісі орнатылды. 200 жаяу жүргінші өткеліне термопластикалық жолақ жапсырылды.

«Облыс орталығы аумағына қалалық полицияның оперативті басқару орталығына қосылған 97 сыртқы бақылау камерасы, соның ішінде 82-сі «Ендура», 15-і «DX» бағдарламасы бойынша қойылды. Бұдан басқа «Қауіпсіз аула» жүйесі бойынша учаскелік полиция пункттеріне 340 сыртқы бақылау камерасы орнатылды», деді А.Шыныбеков.


Жоғары қарай