Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Оралда 16 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр

2020 жылдың 22 наурыз 2020 18:10

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 16 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Александр Милюков 19 наурыз күні таңмен Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылынан шығып кеткеннен оралмаған.

Ол осыдан тура 16 жыл бұрын, 2004 жылғы 22 наурызда дүниеге келген.

Жасөспірімді көрген не хабары бар адамдар 102 немесе 92-18-04 телефонына хабарласа алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен әйелдің ауылдан табылғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай