Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 12:07

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап әкеліп беремін деп 2 млн астам теңге жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 21 жастағы К. тұрғындарға басқа мемлекет аумағынан автокөлік айдап келемін деп уәде беріп, суретін әлеуметтік желілерге салған.

Өздеріне ұнаған автокөлікті алуды тездету үшін алдын ала ақы сұраған. Оған қоса көлік құралдарын жөндеуге де өз қызметін ұсынған.

Осылайша алаяқ Орал қаласы тұрғындарының 2 млн астам теңгесін иемденіп кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде күдікті анықталып, қазір ол қамауда отыр.

Жәбірленушілерге шығындары өндірілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тіркелмеген діни бірлестіктің заңсыз қызметі әшкереленгенін, жаңадан қабылданған тәртіп сақшыларының ант бергенін жазған болатынбыз.



Жоғары қарай