Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Орал көшесінде пышақпен жүрген ер адам ұсталды

2018 жылдың 10 шілде 2018 14:34

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері пышақпен жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, құрамында қатардағы жауынгерлер Ақжан Тұматаев, Ақылбек Сәрсенбаев, Анатолий Фау бар топ қала көшесінен күдікті ер адамды байқайды.

Топ басшысы А.Тұматаев Ұлттық ұлан жауынгерлерін көрген бойда бағытын өзгертіп, сытылып кетпекші болған адамның құжаттарын тексеру жөнінде шешім қабылдады.

Ақыры күдіктіні ұстап, куәлердің қатысуымен тексерген кезде одан пышақ табылды. Ер адам одан әрі анықтау үшін Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Қырағылықтары мен батыл қимылдары үшін аталған жауынгерлер 5517-әскери бөлім командирімен ынталандырылды.

Жоғары қарай