Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ОПЕК ұйымы 60 жылдығын тойлап жатыр

2020 жылдың 14 қыркүйек 2020 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК аббревиатурасы «Мұнай экспорттаушы елдер ұйымын» білдіреді. Экспорттаушы елдер ұйымы 1960 жылғы 10-14 қыркүйекте Бағдаттағы конференцияда дамып келе жатқан мұнай өндіруші бес ел – Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэланың бастамасымен құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымды құру мақсаты - ұлттық мүдделерді ескере отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің өз ресурстарын және олардың пайдаланылуын бақылауға деген ұмтылысы. 1960-шы жылдары әлемдік нарықта мұнай ұсынысы артығымен болды, сондықтан ОПЕК-ті құру мақсатының бірі – бағаның одан әрі құлдырауына жол бермеу.

ОПЕК мұнай өндірудің ұжымдық көрінісін әзірледі және ұйымның хатшылығын құрды, ол алғашында Женевада, ал 1965 жылғы 1 қыркүйектен бастап Венада орналасты.

ОПЕК құрамына 13 ел кіреді: Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Иран, Ирак, Конго, Кувейт, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигерия, Сауд Арабиясы, Экваторлық Гвинея.

2016 жылғы қарашада ОПЕК+ бейресми форматы құрылды, оған 10 ел кіреді: Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан, Малайзия, Мексика, Оман, Ресей, Судан, Оңтүстік Судан.

Қазақстан ұйым хатшылығының шақыруымен 2019 жылғы наурызда ОПЕК+ мониторинг комитетінің қатысушысы болды, бұл халықаралық мұнай-газ қауымдастығында ел беделінің өскенін білдіреді.

Қазақстан ОПЕК+ үлкен отбасының мүшесі бола отырып, әлемдік мұнай индустриясының дамуына ықпал ететін шешімдерді қабылдауға тең деңгейде қатысады.

ОПЕК және ОПЕК+ қатысушы елдері әлемдік мұнай нарығында сұраныс пен ұсыныс балансын қалпына келтіру үшін орасан зор күш-жігерін салады. COVID-19 індеті барлық мұнай экспорттаушы елдері үшін нағыз сынақ болды.

ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо ұйымның 60 жылдық мерейтойына байланысты құттықтау сөз сөйледі.

«Болашаққа көз жүгірте отырып, ОПЕК біздің тарихымыздағы алдағы 60 жылда кездесетін жаңа сын-қатерлерге дайын. Біздің мүддеміз өндірушілер, сондай-ақ тұтынушылардың игілігі үшін теңдестірілген және тұрақты мұнай нарығын қалыптастырудан тұрады», - деді ол.

Сондай-ақ ол бұл миссияны қатысатын 23 ел, оның ішінде Ресейді қоса алғанда, белгілі ОПЕК+ мұнай өндіруді реттеу туралы келісім арқылы ойдағыдай жүзеге асып келе жатқанын атап өтті.

Баркиндо энергетикалық кедейлікті қысқарту кезінде дәл осы нәрсе адамзатқа тұрақты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп санайды.




Басты сөздер: Мұнай, Халықаралық ұйымдар,
Жоғары қарай