Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оңтүстік Кореяда «Митаг» тайфунына байланысты 700-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды

2019 жылдың 2 қазан 2019 17:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда «Митаг» дауылының төнуіне байланысты 700-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Тайфун Чеджудо аралынан батысқа қарай айдыннан өтіп Корея түбегіне сағатына 30 шақырым жылдамдықпен жылжып келеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ге қарай дауыл Корея Республикасының оңтүстік-батысында орналасқан Мокпхо қаласына жетуі керек. Тайфунның төнуіне байланысты 680 әуе рейсі тоқтатылды, Пусан-Чеджудо бағытындағы 69 су маршруттарының қозғалысына шектеу қойылды, ұлттық саябақтарда 500 жаяу жүргінші жолдары жабылды. Жергілікті билік өкілдері бірқатар танымал фестивальдерді кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Елдің кейбір аудандарында қауіп жөнінде ескерту жарияланды, билік өкілдері адамдарды аса қажеттіліксіз далаға шықпауға шақырады.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай