Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Оңтүстік Кореяда бір күнде 400 мың адам вирус жұқтырған

2022 жылдың 16 наурыз 2022 18:47

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) деректеріне сай, елде күнделікті 400 741 жұқтыру жағдайы тіркеліп жатыр, олардың басым бөлігі – жергілікті. Жалпы елде вирус жұқтырғандар қатары 7 629 275-ке жетті.

Бұл – 2020 жылдың 20 қаңтарынан (сол күні елді бірінші жұқтыру жағдайы тіркелген) бергі ең жоғары көрсеткіш. Бейсенбі күні аталған көрсеткіш 383 659 болған. Оның алдындағы антирекорд өткен сенбі күні тіркелген – 383 659 адамнан вирус анықталған.

COVID-19-дан көз жұмғандар саны 164-тен 11 052-ге дейін өсті, дегенмен өлім үлесі – 0,14%.

Жағдайы ауыр науқастардың саны 1 244-ке жетті, алдыңғы күнге қарағанда 48-ге көп.

Омикрон штамының тез таралып жатқанына қарамастан, ел үкіметі қалыпты тіршілікке оралу үшін барын салып жатыр.


Жоғары қарай