Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Оңтүстік Корея астанасының мэрі өлі күйінде табылды

2020 жылдың 10 шілде 2020 09:05

СЕУЛ. ВВС – ҚазАқпарат – Бейсенбі күні полиция Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул мэрінің денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

64 жастағы Пак Вон Сунның жоғалып кеткені туралы бейсенбі күні кешке мэрдің қызы хабарлаған.

Оның айтуынша, әкесі үйінен шығып кетіп, оралмаған. Ол қызына хат та қалдырып кеткен. Оны көргеннен кейін бірден полиция шақырған.

Қала әкімшілігінен Associated Press агенттігіне хабарлағандай, Пак Вон Сун бейсенбі күні жұмысқа келмеген. Осыған байланысты оның қатысуы тиіс болған барлық жиналыстар мен іс-шаралар кейінге қалдырылған.

Бақылау камерасына мэрдің сағат 10:53-те Сонбук-гу ауданындағы орманға кетіп бара жатқаны түсіп қалған. Сол жерден соңғы рет ұялы телефонының сигналы тіркелген.

Мэрді іздеу жұмыстарына 600-ге жуық полицей мен өрт сөндіруші қатысты. Операцияға дрондар мен із кесуші иттер де тартылды.





Еске сала кетейік, Пак Вон Сун 2011 жылы Сеул басшысы болып сайланды. Өткен жылдың шілдесінде ол үшінші рет мэр болып сайланды және заңға сәйкес, бұл аталған лауазымдағы соңғы мерзімі еді.

Білімі бойынша - заңгер. 1982 жылдан бастап адвокаттық қызметпен айналысты және адам құқықтары бойынша маманданды.

1970 жылдардың соңында ол Пак Чун Хи диктатурасына қарсы студенттік наразылықтарға қатысқаны үшін Сеул ұлттық университетінен шығарылды. Оқудан шыққаннан кейін ол бірнеше ай түрмеде болған.

1993 жылы Гарвард университетінің заң факультетінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Сеул мэрі қызметінде болған кезде Пак Вон Сун қаланы көркейтумен белсенді түрде айналысқан.

2013 жылы ол Сеул метросында және қала маңындағы пойыздарда жол жүру ақысын көтеруді тоқтатқан болатын.





Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай