Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Оңтүстік Корея 90 елдің азаматтарына визасыз кіру режимін тоқтатады

2020 жылдың 9 сәуір 2020 18:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея 13 сәуірден бастап 90 елдің азаматтарына визасыз кіру режимін тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Сондай-ақ пандемияға байланысты Испания мемлекеті елде жарияланған төтенше жағдай режимін 26 сәуірге дейін ұзартуды шешкен. Осы елдің Премьер-Министрі Испания COVID-19 вирусын жұқтырудың ең жоғары шегіне жеткенін және енді елде індетке шалдығу азая бастайтынын атап өтті.

«Қазір 1918 жылғы тұмаудан кейін, ғаламшарда қоғам денсаулығына зиянын тигізетін жағдай орын алғанын білесіздер. Егер вирусқа қарсы күресте ынтымақ болмаса, Еуропалық одаққа қауіп төніп тұр», — деп мәлімдеді Испания Премьер-Министрі.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай