Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Онкология мен қант диабетіне шалдыққандарға арналған дәрі-дәрмек жеткілікті ме

2020 жылдың 20 қараша 2020 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қалалық инфекциялық орталықтың басшысы Татьяна Цечоева коронавирустың екінші толқыны болған жағдайда онкологиялық дерті барлар мен қант диабетіне шалдыққандарға арналған дәрі-дәрмек жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен қатысып жүрген коронавирусқа қатысты жиналыстарда онкология мен қант диабетіне шалдыққандарға арналған дәрі-дәрмекке қатысты мәселе басты назарда болмайды. Себебі мұндай дертпен ауыратындарға арналған препараттар жеткілікті мөлшерде бар», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық инфекция орталығының басшысы Татьяна Цечоева.

Сондай-ақ аталған жиында ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева коронавирус туралы айтқан кезде бір адам қанша адамға жұқтыруы мүмкін екенін ұмытып кететінімізді айтты.

Оның сөзіне сенсек, қызылшамен ауыратын науқас - 8 адамға дейін, қызамық ауруымен ауыратын науқас - 6 адамға дейін, ал коронавируспен ауырған науқас - 4 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Бұл маска тағу, қолды сабынмен жуу, әлеуметтік қашықтық сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

«Тіпті коронавируспен ауырған адам лифтіде болса, ол шығып кеткеннен кейін кірген адамдар 15 секунд ішінде жұқтырып алуы мүмкін. Дегенмен, коронавирустан аса қорқудың қажеті жоқ. Науқас өзін жайсыз сезіне бастаса, қолына қағаз бен қалам алып тыныс алуы, дене қызуы және тағы да басқа симптомдарды тізіп жаза беруі керек. Ары қарай дәрігер емделу жолын көрсетеді. Балалардың 80%-ында бұл дерт жеңіл өткенімен, жазылып кетсе де, көпжүйелі қабыну синдромы пайда болады. Сондықтан бала сауығып кетсе де, бір апта бойы оның денсаулық жағдайын қадағалау керек», - дейді ол.


Жоғары қарай