Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспарына түзету енгізілді

2021 жылдың 3 наурыз 2021 22:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспарына түзету енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Атырауда көлікке құятын газ тапшылығы туындаған еді.

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғысының істен шығуына байланысты сұйытылған мұнай газы өндірілмейді.

Зауыттағы қондырғыны қалпына келтіру наурыздың соңына дейін жалғасқалы отыр.

Энергетика министрлігі осыған байланысты наурыз айына сұйытылған мұнай газын жеткізудің түзетілген жоспарын қайта жасақтады.

Онда аталған зауытқа бекітілген өңірлер басқа зауыттардың ресурстарына қайта бөлінді.

«Атап айтқанда, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-сұлтан, Алматы қалаларына сұйытылған газ жеткізу «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-не жүктелді. Ал, Қостанай мен Маңғыстау облыстарына «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жеткізеді. Атырау облысын «Теңізшевройл» ЖШС, Батыс Қазақстан облысын «Жайықмұнай» ЖШС қамтитын болады. Қазір қайта түзетілген жоспарға сәйкес газ желісі ұйымдары мен жеткізуші зауыттар арасында шарттар жасау жүргізілуде. Осылайша, өңірлердің сұйытылған мұнай газына қажеттілігі жоспарлы көлемде қамтамасыз етіледі» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай