Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өңірлерде вакцинаның қандай түрлері қалды

2021 жылдың 28 шілде 2021 21:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова өңірлерде қанша вакцина қалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта «Спутник V» вакцинасы бойынша 700 мың бірінші компонент дозасы қалды. «Hayat-Vax» - 5,5 мың дозасы тек Маңғыстау облысында ғана бар. «QazVac» – 2900 дозасы Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында қалды. Бірақ 99 мың доза «QazVac» вакцинасы бүкіл ел бойынша тасымалданып жатыр, 31 шілдеге дейін барлық өңірлерде «QazVac» екпесінің қосымша көлемі қолжетімді болады. «CoronaVac» вакцинасының 17 мың дозасы бар, негізгі саны – 8 мыңға жуығы Маңғыстау облысында, Қарағандыда, Атырауда және Түркістанда қалған», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Қазақстанда 6 420 адам вакцина салдырса да ауырып қалған.

Оның ішінде «Спутник» алған 5 511 адам, «Hayat Vax» - 665, «QazVac» - 113 және «CoronaVac» салдырған 124 адам бар. Жалпы екпе салдырған 5,2 миллион адамның 0,1% ауру жұқтырған.

Сонымен бірге, Жамбыл облысында QazVac өндіретін зауыт жұмысын бастады.


Жоғары қарай