Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өңірлер КВИ-ге қарсы вакцинамен толық қамтылған

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 09:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты вакцинациялау жалғасып жатыр. Бүгінде 1-компонентпен 7,5 млн-нан астам адам екпе алып, халықтың вакцинациялануы тиіс санының 75,8 пайызын құрады. 2-компонентпен 6,4 млн-нан астам адам қамтылды. Бұл екпе алуы қажет халықтың 64,7 пайызына тең», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өңірлер вакцинаның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етілген.

«Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Вакцинация әлі де коронавирус инфекциясының алдын алу іс-шараларының жалғыз іс-шарасы болып отыр», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай