Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өңірде  балалардың 30 пайызы ғана тұрақты спортпен айналысады - Әбілқайыр Сқақов

2021 жылдың 23 тамыз 2021 17:42

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өңірлік тамыз конференциясында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов білім саласында, оның ішінде спортқа қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Бізде жыл сайын әскер қатарына шақырылуға тиіс 18 жастағы 26 мың жас болады. Бірақ әрең дегенде олардың 1400-і шақырылады. Әскер қатарына қабылдау маусымы қысыммен өтеді. Іріктеп алу қиын. Өйткені, денсаулықтары жарамай жатады. Салмағы мен бойының ұзындығы сәйкес келмеуінен бастап, түрлі аурулар бар. Бұдан спортпен шұғылданудың қаншалықты маңызды екенін білеміз. Қазір өңірімізде бұқаралық спортты дамытудың тұжырымдамасын әзірлеудеміз, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Аймақ басшысы балалар мен жасөспірімдер спортында жан басына қаржыландыру арқылы үйірмелер ашу бағдарламасы пайда болғанын атап өтті. Бұл ата-анаға да, балаға да, жаттықтырушыға да тиімді.

Біз кәсіптік спорттан ақшаны алып бұқаралық спортқа бағыттадық. Бүгінде облыстағы балалардың 30-дан аспайтын пайызы тұрақты спортпен айналысады. Яғни, 70 пайызының спортпен мүлдем қатысы жоқ. Ал, оларда болашақта денсаулық бойынша мәселелер туындайды. Қазір бұқаралық спортпен 2 мың бала шұғылданатын болса, біз 2025 жылы 18 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз, - деді Әбілқайыр Сқақов.




СонӘбілқайыр Сқақов облыстағы білім саласын дамыту үшін қолданылатын шараларды айтты.

- Алдымен білім алуға ыңғайлы орта қалыптастыру қажет. Сосын білім алу ұйымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Спорттық үйірмелерге де солай болуы тиіс. Алдағы 3 жылда барлық мектептердің стадиондарын көпфункциялы етпекпіз. Стадиондар тек балалар ғана емес, үлкендерге де қолжетімді болады. Сондай-ақ ІТ технологияларды жетілдіруді ұстанамыз, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл үшін облыстық әкімдік тарапынан барлығы жасалады. Өйткені, мықты экономика үшін мықты кадрлар қажет. Ал, мықты кадрлар балабақшадан бастап тәрбиеленеді.


Жоғары қарай