Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады

2021 жылдың 2 сәуір 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіптік саясат туралы» туралы заң жобасы Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының қарауында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш заңды дайындауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садыкованың айтуынша, қазір құжат жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.

«Заң жобасында экономикалық, әкімшілік, құқықтық, институционалдық және басқа жағдайларды қамтитын өнеркәсіптік климат ұғымын енгізу көзделіп отыр. Өздеріңізге белгілі бүгінгі таңда өндіріске қатысты функциялар әртүрлі ведомствалар арасында бөлінген. Заң жобасында Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру көзделеді. Оның мүшелері мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар және басқа да мүдделі тұлғалар болады деп көзделуде», - дейді министрлік өкілі.

Оның мәліметінше, ведомствоаралық комиссия Үкімет атынан халықаралық келіссөздерге дайындық жүгізетін құзыретке ие болмақ.

«Ведомствоаралық комиссия келесі құзыреттерге ие болады деп отырмыз. Жаңа ынталандыру шараларын енгізу, қолданыстағы ынталандыру шараларын қайта қарау немесе жою туралы Үкіметке ұсыныстар қалыптастыра алады. Индустриялық саясат бойынша халықаралық ұйымдармен келіссөздерге Үкіметтің позициясын дайындауға құзыретті болады. Өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер туралы шешім қабылдап, аталмыш саясаттың іске асырылуы туралы есептерді тыңдайтын болады», - деді Лаура Садыкова.


Жоғары қарай