Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне экспорттық кредит беріледі

2020 жылдың 19 мамыр 2020 09:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өңдеу өнеркәсібі субъектілеріне экспорттық кредит беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің экономикасын қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңдеуші өнеркәсіпті қолдау шаралары үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілуде. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі субъектілері мөлшеріне қарамастан Ұлттық банк бағдарламасы бойынша айналым қаражатын жеңілдікпен қаржыландыру жоспарлануда. Ұзақмерзімді шарттарды ұлттық даму институттары «тұрақты кепіл» ретінде қабылдайтын болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өңдеу өнеркәсібі субъектілері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алады.

«Сонымен қатар экспорттық кредит беріледі. Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеуі үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда», - деді Руслан Дәленов.


Жоғары қарай