Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оңдасын Оразалин өңірдегі картоп пен сәбіз бағасына қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 22 маусым 2021 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі картоп пен сәбіздің бағасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкіміне картоп пен сәбіздің бағасы өңірде қанша екені туралы сұрақ қойылды.

«Тиісті кезеңде базарлар мен сауда орындарын уақтылы аралаймыз. Сондықтан, бағасын мен білмейді емес, білемін. Себебі әлеуметтік маңызы бар дегесін, оған да біз ықпал етуіміз керек. Шынымен қызығушылық танытып отырсаңыз, сәбіздің бағасы бізде бірнеше сауда орындарында әртүрлі. Бір қызықтыратын жағдай, орталық базарларда баға сауда орындарына қарағанда жоғары болып тұр. Сәбіз қазір 450 мен 600 теңгенің арасында. Ал картоп бағасының сәл төмендегені бар. Қазір 250-300 теңге арасында», - деді Оңдасын Оразалин.

Аталған шарада Ақтөбе облысының әкімі өңірдегі қуаңшылық қаупі бар аудандардың қысқа дайындығы туралы ақпарат берген болатын.


Жоғары қарай