Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өмірзақ Шөкеев: Тыйымдар бөгет болмай тұрған тойларды тоқтату керек

2020 жылдың 23 қараша 2020 20:56

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Ешбір тыйым бөгет бола алмай тұрған той-томалақты тоқтату керек. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті аппарат отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал баяндалған отырыста соңғы көрсеткіштер мәлім етілді. Одан белгілі болғандай, облыс аумағында отбасылық, мерекелік іс-шаралар тоқтамай тұр. Бүгінгі күнге дейін 535 тыйым салынған шара өтсе, оның 226-ы қоғамдық тамақтану орындарында, қалғаны тұрғындардың өз ауласында өткізілген.




Осыған орай барлық аудан, қала әкімдері аймақ басшысының қатаң сынына ұшырады. Елдегі эпидемиологиялық ахуалды біле тұра, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тынымсыз жүргізіліп келе жатқан тексерулерді елемегендерге жаза, жауапты басшыларға шара қолданылмақ.

«Той-томалақ барлық аудандарда бар. Эпидемиологиялық жағдайдың қаншалықты күрделі екенін біле тұра, той жасайтындарды тоқтату керек. Тойға жан-жақтан тамыр-таныс жиналады. Бұған тосқауыл қойылмаса, қалған тірліктің бәрі бекер. Тез арада тиісті шара қолданылсын», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы бес айда облыс бойынша жасақталған 119 мобилді топ құрамы және аумақтық Полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан 36765 нысан тексеріліп, карантин талабын бұзудың 5 194 фактісі анықталды.











Жоғары қарай