Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысына екі айға қажетті дәрі-дәрмектер бір аптаның ішінде жеткізіледі

2020 жылдың 9 шілде 2020 18:31

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысына екі айға қажетті дәрі-дәрмектер бір аптаның ішінде жеткізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы ұйымдастырылған брифинг барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының айтуынша, қазір облыстағы емдеу мекемелерінде дәрі тапшылығы жоқ. Барлық емханалар мен ауруханалар дәрімен толыққанды қамтамасыз етілген. Бірақ, кейінгі екі аптадағы жекеменшік дәріханалардағы жағдай жергілікті билікті алаңдатып отыр.

«Өңірде шілде мен тамыз айларына деп бөлінген дәрі-дәрмектер дәріханаларда екі-үш күнде сатылып кетті. Халық жаппай сатып алып кетті. Сондықтан біз үкіметке, арнайы комиссияға шығып, тез шұғыл арада сондай шараларды қабылдауды ұйғардық. Жалпы облыстық бюджеттен 500 млн теңгені бөліп, Өзбекстан үкіметімен байланысқа шықтық. Көрші елден арнайы бір тізіммен дәрілерді әкелуге келістік. Бүгін облысқа екі жүк көлігімен дәрі жеткізілді. Халыққа ең керекті деген антибактериалды, антикогулянтты дәрілер келіп жатыр. Екінші, Денсаулық сақтау министрлігінің ықпалымен Түрік елімен байланысып, ол жақтан антибиотиктер мен басқа да сәлі күрделі дәрілердің бәрі жеткізілмек. Сондықтан екі айлық бізге керекті дәрілер осы бір аптаның ішінде облысқа тасымалданады. Сөйтіп барлық емдеу мекемелеріне таратылатын болады. Біз қабылдап отырған шұғыл шаралардың арқасында көптеген мәселелер шешімін таппақ. Біз ол дәрілерді дәріханалар арқылы шектеулі бағамен сатуымыз керек. Және бір қолға босатылатын норманы белгілеп қоямыз. Өйткені көп жағдайда біздің тұрғындар дәрі-дәрмектерді керек болмаса да алып қоя беретін болған»,- деді Өмірзақ Шөкеев.








Жоғары қарай