Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал тұрғындарымен кездесті

2020 жылдың 27 шілде 2020 14:55

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарына баспана салу үшін мемлекет тарапынан берілген 17 млн теңгенің 50 пайызы толық аударылған. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарына баспана салу үшін мемлекет тарапынан берілген 17 млн теңгенің 50 пайызы толық аударылған. Ауыл тұрғындары екінші транш бойынша қалған қаражаттың 25% -на құжат өткізіп, қаржы ала бастады.





Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездескен ауыл тұрғындары жұмыстың тоқтаусыз жүріп жатқаны үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, топан судың зардабын көрген барлық отбасыға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры есебінен әрбір жанұяға 425 мың теңгеден (1000 АҚШ долларынан) берілген.

Сондай-ақ, отбасының әр мүшесі мемлекет тарапынан 100 мың теңгеден қаржылай көмек алды.





Түркістан облысының әкімі кезекті рет Мақтааралға жұмыс сапарымен келіп, Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылады. Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Тынымсыз жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мобильді топ жұмысының тиімділігіне оң баға берді.














Жоғары қарай