Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданындағы шаруалармен кездесті

2020 жылдың 22 шілде 2020 16:15

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Бәйдібек ауданындағы бірқатар нысанды аралап, жергілікті шаруалармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елді мекендерге табиғи газ жеткізу барысы мен асыл тұқымды ірі қара малдың жаңа түрін өсіруді қолға алған тұрғындардың тіршілігімен танысты.

Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы алдымен ауданды табиғи газбен қамтамасыз етіп, газ құбырларын жүргізу жоспарымен танысты. Шаян елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құрылымдау жоспары мен абаттандыруға бағытталған жаңа жобалардың барысын бақылады. 150 орындық Қосбұлақ мектебінің құрылысында болды. Облыс басшысы сондай-ақ, бірқатар егістік алқаптарын аралалап шықты. Ауылдардағы жылыжайлардың жайын көрді.











Мәселен, «Бердібай» шаруа қожалығындағы егістік алқабында 2 мың гектарға бидай мен 1 мың га жерге мақсары егілген. Жеке техникамен жабдықталған қожалықта жүзден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аудандағы өзге шаруашылықтар болса тамшылатып суару әдісінің тиімділігін түсіне бастаған. Ауыл шаруашылығы саласында кеңінен етек жайған тәсілдің тиімді тұстары көп екенін біліп, қолдануға көшкен. Бүгінде осы суды үнемдейтін әдістің арқасында астық мол жиналып отыр. Артық шығынды да қажет етпей, жұмыс күшін қысқартқан. Сондықтан бәйдібектік шаруалар жаппай осы тәсілмен егін егуге көшпек.




















Жоғары қарай