Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Омбы әуежайында қалып қойған қазақстандықтар елге оралады

2020 жылдың 20 наурыз 2020 17:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат тілшісі – Омбы әуежайында қалып қойған Қазақстанның 26 азаматы қазақстандық дипломаттардың көмегімен бүгін елге оралады. Бұл жайында Қазақстанынң Ресейдегі Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Омбы әуежайында қалып қойған Қазақстанның 26 азаматы қазақстандық дипломаттардың көмегімен бүгін елге оралады. Олар Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қалаларының тұрғындары. Екі күн бұрын олар Омбыға Вьетнамнан ұшып келген. Бірақ, Ресей Федерациясында қозғалысқа шектеу қойылуына байланысты үйлеріне жете алмады. Бүгін ол Қазақстан астанасы бағытындағы рейске сәтті тіркелді және Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 16-30-да ұшып кетеді», - деп атап өтеді Елшіліктен.

Айта кетерлігі, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресейдің өзге де әуежайларында қалуға мәжбүр болып отырған азаматтарымыздың жағдайын бақылауда ұстап, олардың елге жөнелтілуі үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр.


Жоғары қарай