Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олжас Сүлейменов: Абай – қазақ халқының ұстазы

2020 жылдың 10 тамыз 2020 16:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық жазушысы, ақын, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткеріт Олжас Сүлейменов Абайдың ұлылығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Абай – қазақ халқының ұстазы. Өйткені, ол өзінің замандастарына қарағанда көп нәрсені түсініп, алдағыны болжай білді. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абайдың қара сөздеріндегі ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Алайда, біз оның айтқандарын әлі де толық орындамай келеміз. Бүгінде біз оның «басқа халықтармен дос болып, оларды құрметесең, сіздің халқыңызға құрмет көрсетіледі» деген ойын жүзеге асырдық», - дейді О.Сүлейменов.

Сондай-ақ ол Абайдың егіншілікпен айналысу өсиеті туралы айтып өтті.

«Алайда, оған құлақ аспадық, көшпенділік дәстүрден бас тартпадық. Соның салдарынан 30-жылдары қазақ жері халқының 2/3 бөлігі немесе 3/4 бөлігінен айырылды. Егер олар ХХ ғасырдың басынан бастап егіншілікпен айналысса, өлімнен құтылар еді. Қаншама ұлы адамдар кетті. Олардың қатарында болашақ ғалымдар, ұлы суретшілер бар болатын. Олар ұстазы - Абайға бағынбады. Болашақ ұрпақ осындай қателіктерге бой алдырмау үшін біз бүгін жиналып отырмыз»,– деді қоғам қайраткері.

Еске салайық, Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді.

Бүгін еліміздің зиялы қауым өкілдері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.




Жоғары қарай