Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Олимпиадалық іріктеу турнирі: Тағы бір қазақстандық «қола» алды

2020 жылдың 10 наурыз 2020 23:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалында жұдырықтасқан жерлесіміз Серік Теміржанов қола медальді қанағат тұтты.

Ол жартылай финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасып ұтылып қалды. Осылайша жарысты қола медальмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ерлер арасында 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда үндістандық боксшыға жол беріп, қола медаль иегері атанған болатын.


Жоғары қарай