Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алтыншы орын алды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 00:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияның Триест қаласында су добынан Токио Олимпиадасы іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы алтыншы орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық құрама бүгін 5-орын үшін кездесуде Франциямен кездесті. Ойын барысы тартысты өрбіді. Алғашқы кезеңде француз қыздары 3:1 есебімен басым түссе, келесі кезеңде ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Ал үшінші кезеңде қазақстандықтар 4:3 есебімен жеңді. Шешуші соңғы кезеңде қарсылас құрама 3:2 есебімен тағы да басым болды. Осылайша қазақстандық ватерполшы қыздар қарсыласына 10:12 есебімен есе жіберді.

Атап өтерлігі, Қазақстан қыздары В тобында сынға түсті. Алғашқы ойында Грекиядан 5:13, одан кейін Венгриядан 6:23 есебімен жеңілді. Соңғы ойында Израильмен 7:7 есебімен тең ойнады.

Ширек финалда қазақстандық ватерполшылар Нидерландыға жол берді. Одан кейін 5-8 орындар үшін сайыста Словакияны тізе бүктірді.

Сондай-ақ, бүгін 7 орын үшін сайыста Израиль құрамасы Словакияны 13:10 есебімен жеңді.

Ал үшінші орын үшін Грекия мен Италия сынға түседі. Ал финалда Нидерланды мен Венгрия құрамалары шеберлік байқасады. Олимпиадаға екі жолдама беріледі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Еуропа, Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай