Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиада: Нұрислам Санаев еркін күрестен «қола» жеңіп алды

2021 жылдың 5 тамыз 2021 16:47

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін кездесулер өтуде. Қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол кіші финалда болгариялық Георгий Вангеловті 5:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық балуан жартылай финалда Үндістан балуаны Рави Кумарға есе жіберген еді. Қола медаль үшін күресте Санаев намысты қолдан бермеді.

Бұл - қазақстандық балуандардың Токиодағы алғашқы медалі. Жалпы, Қазақстан қоржынында әзірге 6 қола медаль бар.





ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК



Басты сөздер: Олимпиада, Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай