Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Олимпиада чемпионы Баландин Америкада алтын алды

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Атлантада жүзуден өтіп жатқан АҚШ ашық біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, аталмыш турнирге Қазақстаннан Д.Баландин мен Әділбек Мусин қатысуда.

Жарыс барысында Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шықты. Оның көрсеткіші – 59.36. Америкалықтар Андрю Уилссон (59.54) мен Коди Миллер (59.92) екінші және үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, Д.Баландин – 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына олжа салады-ау деген басты үміткерлердің бірі.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Олимпиада-2020, Спорт,
Жоғары қарай