Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Олимпиада: 25 шілдеде қазақстандықтар спорттың 11 түрінен сынға түседі

2021 жылдың 25 шілде 2021 01:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25 шілде күні Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 11 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Төменде толық жарыс кестесі келтірілген (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен)


06:00 Стендтік ату. Скит. Әйелдер
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
08:00 Дзюдо. Ерлер
Ерлан Серікжанов — Орхан Сафаров (Әзербайжан)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын
Ярослава Шведова — Айла Томлянович (Австралия)
Юлия Путинцева — Надя Подорошка (Аргентина)
08:00 Теннис. Ерлер. Жекелей сын
Михаил Кукушкин — Федерико Кория (Аргентина)
09:45 Семсерлесу. Ерлер
Руслан Кұрбанов — Марко Фикера (Италия)
10:00 Оқпен ату. Пневматикалық винтовка. 10 метр. Ерлер
Юрий Юрков
10:00 Каноэ. Жеке, есу спорты. Ерлер
Александр Куликов
10:50 Каноэ. Жеке, есу спорты. Әйелдер
Екатерина Смирнова
12:30 Үстел теннисі. Ерлер
Кирилл Герасименко — Любомир Янчарик (Чехия)

12:50
Ауыр атлетика. Ерлер
61 килограмм. Игорь Сон
16:04 Жүзу спорты. 100 метр арқамен жүзу. Әйелдер
Диана Назарова

16:24 Бокс.
Ерлер
63 килограмм. Закир Сафиуллин — Леодан Песо Сабойя (Перу)
16:50 Су добы. Ерлер
Қазақстан — Хорватия.

Еске салсақ, Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы күнгі медальдар есебінде Қазақстан бір қола медальмен 19- орында тұр.

Токио төріндегі татамиде 60 келі салмақ бойынша белдескен Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. Сонымен қатар, Елдос Сметов келесі Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Және ол осы жеңісі үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын жеткізді.



Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай