Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оқушылар мектепке өздеріне ыңғайлы киіммен бара алады – Білім вице-министрі

2021 жылдың 2 наурыз 2021 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Орта және жоғары білім беруге қатысты маңызды сұрақтар туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушының ауырып қалуы немесе науқас адамдармен байланысты болуы сияқты ерекше жағдайларда ата-ананың өтініші негізінде оқушылардың қашықтық форматта оқу мүмкіндігі бар. Аралас оқу форматына көшкен кезде санитарлық талаптар сақталуы керек. Білім басқармалары, білім бөлімдері және мектеп басшылары әр мектепте санитарлық талаптардың қатаң сақталуына көңіл бөлуі керек. Екіншіден, барлық білім беру процесіне қатысушылардың бәрі жеке бас гигиенасын сақтау бойынша санитарлық талаптарды қатаң сақтауы керек», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, ата-аналар тарапынан үлкен қолдау жұмысы керек.

«Оқушылардың жас ерекшеліктері, физиологиялық, психикалық дамуы ескеріліп, ата-аналар балаларына жеке гигиена, санитарлық талаптарды сақтау бойынша үнемі айтып отыруы керек. Оқу жылының басында толық оқу жылы бойы мектеп формасын сақтамау туралы шешім қабылданған болатын. Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқушылар өздеріне ыңғайлы, таза, ұқыпты киіммен баруларына болады», - дейді ол.


Жоғары қарай