Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Оқу жылы басталғалы 82 маңғыстаулық оқушыдан коронавирус табылды

2021 жылдың 15 қазан 2021 12:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингіде өңірде вакцина алғандардың арасындағы аурушаңдық деңгейін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқу жылы басталғалы өңірде 82 оқушыдан вирус анықталған. Негізінен отбасында жүріп жұқтырғаны белгілі болды.

Өздеріңіз білесіздер, Маңғыстау облысында жаңа модульдік инфекциялық аурухана салынған еді. Пандемияның екі толқынында үлкен жүктеме болған. Қазір сол модульдік ауруханада отыз шақты адам ем алып жатыр. Негізгі жұмысымыз – сол аурухананы келесі ықтимал толқындарға дайындау, оттегімен қамту сияқты техникалық мәселелерін реттеу, дәрі-дәрмектің қорын қайта қалыптастыру», - деген облыс әкімінің орынбасары вакицна алғандардың арасындағы ауршуаңдық деңгейін атады.

«14 қазандағы жағдай бойынша 161 814 азамат немесе 41,7 пайызы бірінші компонентпен егілді. Екінші компонент бойынша 140 920 азамат немесе 36,3 пайызы екпе алды.

Вакинца алған адамдардың қаншасы вирус жұқтырып ауруханаға түскеніне мониторинг жүргіздік. Өңірде вакцинаның бірінші компонентін алған 89 азамат ауруханаға түскен. Оның ішінде 2 науқас реанимация бөлімінде ем алған. Сонымен қатар, екі комопнентті де толық алған 65 науқас түсіп, төртеуі реанимация бөлімінде ем алған. Бірақ бәрі аман-есен жазылып шықты. Меніңше, бұл өңірде вакцинанцияның нақты, тазар жүргенін дәлелдейді», - деді Гүлмира Қалмұратова.


Жоғары қарай