Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Өкпені жасанды желдету аппараттары мен 11 тонна спиртті елге заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды

2020 жылдың 16 шілде 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 15 шілде күні қазақстандық шекарашылар Қазақстанға заңсыз жолмен 23 өкпені жасанды желдету инвазивті емес аппараты мен 11 тонна этил спиртін алып өтпек болғандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Заңсыз заттарды «Қарасу» (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекетінен алып өтпек болғандардың тиісті құжаты болмаған.

Ұйымдастырушылар ӨЖЖ инвазивті емес аппараттарын халық тұтынатын тауарлардың арасына жасырған, ал этил спиртін құжатта «қолға арналған гигиеналық құрал» деп көрсеткен.








Қолға түсірілген инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппараттары мен этил спирті Жамбыл облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Айта кетейік, осы өткізу бекетінде бірнеше рет заңсыз жолмен медициналық бұйымдар мен спирт өнімін алып өтпек болған адамдар ұсталған еді.








Жоғары қарай