Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ОҚО-да тауда бес тәулік бойы жоғалып кеткен тұрғынның өлі денесі табылды

2017 жылдың 26 қазан 2017 03:30

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында таудан түсемін деп, бес тәулік бойы жоғалып кеткен тұрғынның өлі денесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 26 жастағы жігіттің мәйіті Теке қамал тау шатқалынан табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, Түлкібас ауданында тауға шығамын деп барған жігіт достарынан адасып қалған. Кейіннен құтқарушыларды шақыртқан саяхатшылар жігіттің қай жерде болуы мүмкін екенін айтыпты. Алайда іздеу шаралары барысында құтқарушылар мәйіттің басқа жерде жатқанын анықтаған.

Еске салайық, Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының тұрғыны 20 қазанда із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге өңірлік төтенше жағдайлар қызметкерлері иен қоғамдық ұйым өкілдері және тәртіп сақшылары және 300-ге тарта жергілікті тұрғын тартылған еді. Алайда іздеу шаралары нәтиже бермеген.

Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Оқиға, Түркістан облысы,
Жоғары қарай