Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

2020 жылдың 24 мамыр 2020 09:29

Нұр-Сұлтан. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын.

«Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!

Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке. Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Басты сөздер: Дін, Парламент,
Жоғары қарай