Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия халқына көңіл айтты

2020 жылдың 25 қаңтар 2020 13:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркияның Элязыг және Малатья провинцияларында орын алған және адамдардың қазасына әкеліп соқтырған қуатты жер сілкінісі туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Осындай қиын сәтте қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін», - делінген жеделхатта.


Жоғары қарай