Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі

2020 жылдың 24 мамыр 2020 08:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Рамазан айының аяқталғанын білдіретін бұл мейрам исламның ең басты рухани құндылықтары – жақсылықты, кең пейілділік пен мейірімділікті дәріптейді.

Ислам бәрімізді бейбітшілікке, бірлік пен тұрақтылыққа шақырады. Бұл құндылықтар мұсылман үмбетімен бірге барлық дін өкіліне жақын. Сондықтан біздің елімізде Ораза айт діни сеніміне қарамастан күллі қазақстандықты біріктіре түседі.

Осы дәстүрлерді одан әрі нығайту, адамгершілік құндылықтарды бағалай білу маңызды. Бұл – Қазақстанның тұрақты және сенімді дамуының негізі.

Мереке күндері жақсы істер жасалып, жақын адамдарға қамқорлық, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіледі. Мейрам қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға септігін тигізеді.

Осынау қастерлі күн секілді біздің өміріміз де игі істерге, ізгі ойлар мен мейірімділікке толы болсын.

Барша қазақстандыққа рухани күш-қуат, зор денсаулық және бақ-береке тілеймін!

Ораза айт қабыл болсын!

Жоғары қарай