Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұрсұлтан Назарбаев Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 7 шілде 2020 18:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының бұрынғы Президенті Николя Саркозимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Николя Саркози Елбасын мерейтойымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Францияның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және екі ел арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеген жылдарды жылы сезіммен еске алатынын айтты.

Елбасы Николя Саркозиге шынайы құттықтауы мен жылы лебіздері үшін ризашылығын білдіріп, 2008 жылы Парижде тараптар қол қойған Қазақстан мен Франция арасындағы Стратегиялық серіктестік туралы келісімінің ерекше маңыздылығына назар аударды.

Телефон арқылы сөйлесуге Франция жағы бастамашы болды.


Жоғары қарай