Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жасанды интеллектіге арналған оқыту жобасын іске қосты

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қор қолдау көрсеткен lrn.dev (learn development-әзірлеуді үйрен) тегін интернет-платформасы кез-келген қолданушыға бағдарламалау негіздерін үйренуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоба осылайша цифрлық экономика саласындағы мамандар жетіспеушілігін шешуге ықпал етеді.

«Alem» бағдарламалау мектебі әзірлеген платформада сайттар, қосымшалар, түрлі компьтер ойындарын және т. б. әзірлеуге қажет алгоритмдерді құруға үйрететін сабақтар орналасқан.

Платформа ең алдымен мектеп оқушылары мен студенттерге арналған, бірақ жаңа мамандықты игеруді жоспарлағандар үшін де пайдасы зор. Оқытуды бағдарламалаудағы негізгі білімі жоқ адам да бастай алады. Белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында платформа жүйесі тексеру жүргізеді, нәтижелері пайдаланушының жеке профилінде көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан білім беру платформаларына арналған жобаларды дамытудың маңыздылығы туралы айта келіп: «IT-саласында өз қабілетін табысты көрсете білген жастарды қолдау – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жұмысының басым бағыттарының бірі. Бүгінде көптеген елдер халықты жасанды интеллект негіздеріне үйретуді қолға алған. Өмірдің барлық салаларын модернизациялаудың сәттілігі қазіргі заманғы технологиялардың даму деңгейіне, бағдарламалаудағы жастардың біліміне байланысты. Пандемия білім беру саласындағы диджитализацияны жандандырды. Және Irn.dev платформасы дарынды қазақстандық жастарға бағдарламалауда перспективті білім мен дағдыларды игеруге тағы бір мүмкіндік береді», - деді.

lrn.dev платформасы теориялық ақпараттан бөлек, алған білімін бекіту үшін ойын стратегияларын құру арқылы жасанды интеллектті бағдарламалауға арналаған ai.cup турниріне қатысуды ұсынады. Аталмыш турнирге қатысқан оқушылар мен студенттер ақылды алгоритмдер әзірлеуде машықтана алады.

«Осындай жарыстардың белсенді қатысушылары мен жүлдегерлері еліміздің технологиялық дамуының қозғаушы күшіне айналады. Біздің мақсатымыз – кадр даярлаудың үздік және қағидатты жаңа тәсілі есебінен отандық IT-нарығының дамуына серпін беру. lrn.dev – бағдарламалау саласындағы ашық оқыту платформасы, оны студенттер, жоғары оқу орындары, компаниялар пайдалана алады. Платформа мен оқу бағдарламасы open source жобасы болып табылады және ол GitHub-та орналасқан. Бұл оқу бағдарламасын жақсарту үшін барынша әртүрлі құзыреттіліктері бар контрибьюторларды тартуға мүмкіндік береді», - деп санайды «Аlem» мектебінің директоры Дагар Давлетов.

Оның айтуынша, Irn.dev платформасының басқалардан айырмашылығы open source-ке (ашық код) назар аударатындығында. Әлеуметтік міндеттерді орындауға арналған жоба әр түрлі бағыттағы жекелеген әзірлеушілердің басын біріктіре алады.

Сонымен қатар, оқыту жүйесі project based learning тәсілдемелеріне құрылған: оқу графигі бағыттардан, курстардан және практикалық жобалардан тұрады. Тәжірибемен нақтыланған теория жақсы нәтиже береді. Сондықтан платформа қолданбалы бағдарламалауды үйренгісі келетіндер үшін қызықты болады.


Жоғары қарай