Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғырын» атады

2021 жылдың 23 қараша 2021 19:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы орайда жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын. Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар», - деген Нұрсұлтан Назарбаев «жеті тұғыр» деп атаған ұғымдарға жеке-жеке тоқталды.

Олар:

Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.

Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.

«Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық. Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз», - деген Елбасы өзінің «өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барын салғанын» айтады.

«Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Жоғары қарай